Skip to main content

SMM

Әлбетте, сіздер мақсатты аудиторияның сенімін сатып алуға болмайтынын білесіздер. Бірақ әлеуметтік медиа платформалардың көмегімен сенімді нығайтуға болады.

Агарти Digital Performance Agency командасы әлеуметтік желілер бойынша үздік әрі мықты мамандардан ғана тұрады. Олар сіздің өніміңіздің ең қалаулы, жақсы сатылатын өнімге айналуына көмектеседі.

«‎Агарти» Digital Performance Agency қандай міндеттерді шешеді

1

Сатылымдарды көтермелеу

— әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы тікелей сату, қайта сатулар, жеке ұсыныстар арқылы сатып алуға күмәнданып отырғандарды «пысықтау» және адал әрі әлеуетті клиенттердің базасын қалыптастырамыз
2

Брендпен жұмыс жасаймыз

— компания мен брендтің табысты имиджін қалыптастырамыз, брендтің танылуын және брендке деген сенімділікті арттырамыз, кәсіби контент арқылы бедел мен сарапшылықты қалыптастырамыз, негативті жойып, оның пайда болуының алдын аламыз.
3

Коммуникацияларды баптаймыз

— аудиторияға бренд, тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат береміз, жаңалықтар, акциялар мен жеңілдіктер туралы жылдам хабар таратамыз, клиенттердің кері байланысын бақылаймыз және сақтаймыз және оқыс оқиғаларға жедел жауап береміз, шешім қабылдау мерзімі ұзақ мәмілелерде (жылжымайтын мүлік, көлік, туризм, жабдықтар және т.б.) әлеуетті клиенттерді ынталандырамыз.
4

Пайдаланушыларға ықпал етеміз

— жаңа тауарлар мен қызметтерге сұранысты қалыптастырамыз, тұтынушылардың адалдығын арттырамыз және үгітшілер желілерін қалыптастыра отырып және пікір көшбасшыларын тарта отырып бренд жанкүйерлерінің қауымдастығын кеңейтеміз.
5

Барлық ықтимал жарнамалық мүмкіндіктерді қолданамыз

— бұрын-соңды болмаған параметрлер (жынысы, жасы, көше мен үйге дейін тұрғылықты жері, кәсібі, қызығушылықтары, тұтынушылардың қалауы, отбасылық жағдайы және т.с.с.) бойынша жарнамалық науқандарды баптауды жүзеге асырамыз, тұтынушыларға әлі белгісіз және сұранысы қалыптаспаған жаңа тауарлар мен қызметтерді нарыққа шығару және ілгерілету үшін тиімді жарнамалық науқандарды жасаймыз, сондай-ақ бәсекелестердің аудиториясын тартамыз.

Өз жобаңыз туралы айтып беріңіз