Skip to main content

«‎Аgarty» компаниясы туралы

Біз клиентерді ақша табу, табыстарды арттыру жолына түсіреміз!

Агарти – 10 жылдан астам уақыт цифрлық маркетингпен айналысып келе жатқан Digital Performance Agency

Сәлем бердік, құрметті болашақ клиенттер мен серіктестер!

Сайттан кетуге асықпаңыз — бас тартулармен статистиканы бүлдірудің қажеті не? Сіздің не көріп жүргеніңізді білемін – мен өзім серістестер мен мердігерлерді іздеген кезде ара-тұра сайттарды қараймын да мәнісін түсініп, шешім қабылдау үшін ақылды мәтіндерді ұғынумен әлек боламын.

Агарти командасының атынан мен ақылды мәтіндерді жазбай, барлығын түсінікті етіп, мән-мағынасын қарапайым тілмен айтып беремін деп шештім. Бізге хабарласыңыз. Мына жерде ыңғайлы батырма бар. Дизайнер де осы батырманы жасаймын деп еңбектенді. Кем дегенде – біз жақсы адаммен таныс боламыз, көп дегенде – біз бірге ақша табатын боламыз!

Және тағы бір айта кететін тезистер бар, олар сізді бізге хабарласуға иландырады деген үміттеміз:

— Агарти – бұл 10 жылдан астам уақыт цифрлық маркетингпен айналысып келе жатқан Digital Performance Agency. Шынында, біз осы нарықтың бастауында болдық және оның басы-қасында болуды жалғастырып келеміз. Бірқатар клиенттеріміз бізбен 8 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, мұны зор мақтанышпен атап өтеміз!

— Біз цифрлық әлемде көп нәрсені жасай аламыз, performance-маркетинг деп аталатын салада еңбек етеміз. Қарапайым сөзбен айтсақ, біз клиентерді ақша табу, табыстарды арттыру жолына түсіреміз!

— Адал әрі тиімді болу қолайлы екеніне кәміл сенеміз, осы себепті серіктестермен ұзақ мерзімді, ашық әрі екі тарап үшін де табысты қарым-қатынастарды қалыптастырамыз.

Интуиция мен тәжірибе сізге бізбен қарым-қатынас құрған қызықты болатынын және біз тиімді араластық жолдарын табатынымызды айтып тұр! Сиқырлы батырманы (дизайнер еңбектеніп жасаған батырманы) есіңізге саламын. Байланыс деректеріңізбен бөлісіңіз, күтеміз!


Ізгі тілекпен Владимир Джабаров, Агартидің негізін қалаушы әрі жетекшісі
.

Өзіңіздің жобаңыз туралы айтып беріңіз