Skip to main content

— «Сіздің отырғызылатын парақшаңыз қандай болуы тиіс?» деген сұрақты қаншалықты жиі қоясыз
— Жиі.
— Жауап ретінде қанша комментарий мен пікір аласыз?
— Көп.

Отырғызылатын (мақсатты) парақшалардың қандай типтері мен түрлері болатынын анықтап алайық.

Отырғызылатын парақшалардың негізгі үш типін қарастырайық:

1) Бас бет
2) Микросайт
3) Автономды мақсатты парақша (CTR — ClickthroughRate)

Бас бет

Иә, дәл солай, дұрыс естімей қалдым ба деп ойлап қалмаңыз! Отырғызылатын парақша ретінде сіз өз компанияңыздың толыққанды бас бетін қолдана аласыз. Әдеттегі жағдай, мысалы Aviata.kz сайтында

Мұндай парақша сайт бір сервиске арналған кезде аса ыңғайлы, мысалы e-mail тарату, қосымшалар немесе бағдарламалар. Пайдаланушыларға ресурстың мәнін түсіну үшін көп парақшаның қажеті жоқ, сондай-ақ сайтта «Билет табу» әрекетке шақыру батырмасы бар

Микросайт.

Мұндай сайттарды, әдетте, BMW секілді ірі компаниялар мен танымал жобалар өз өнімдері мен жекелеген жобаларын ілгерілету үшін жасайды. Микросайт негізгі сайттан құрылымы және навигациясы бойынша өзгешеленуі мүмкін. Оның негізгі міндеті: тауардың немесе қызметтің егжей-тегежйлі сипаттамасын беру. Сайттарда ақпарат барынша аз және түрлі түсті дизайнерлік бейнелер, промо-роликтер және басқа да көз тартатын көріністер көп.

Автономды мақсатты парақшалар (CTR — ClickthroughRate)

Нақты тұжырымдалған сауда ұсынысы болып келеді. Бұл отырғызылатын парақшаның ең кең тараған типі, әдетте негізгі сайттан дизайнымен және құрылымымен ерекшеленеді.

Парақшаның негізгі мақсаты: пайдаланушыны осы жерде және осы уақытта әрекетке итермелеу. Бұл ретте әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін – сатып алу, сату, жазылу, сынақ нұсқасын жүктеп алу және т.с.с., бұл ретте жарқын бейнелер және іліп алатын хабарламалар қолданылады. Ірі батырмалар, минималистік дизайн, акциялар, арнайы ұсыныстар, тауарлар мен қызметтердегі артықшылықтар, кері есеп таймері. Осылайша, парақшада БСҰ және әрекетке шақыру қамтылған.

Төменде Центр Кредит банкінің негізгі сайтының және отырғызылатын парақшасының мысалы келтірілген.

Отырғызылатын парақшаларды олардың түрі немесе, былайша айтқанда, тағайындалуы бойынша қарастыралық.
— Жарнама парақшалары
— Парақшаның лиді
— Сегменттелген парақшалар
— Вирустық парақшалар.

Жарнамалық мақсатты парақша

Мақсатты парақшада бейне, аудио, графикалық және басқа да материалдардың көптеп келтіріледі. Парақшада әрекетке шақыру немесе пайдаланушы жасауы тиіс мақсатты әрекет бірнеше рет қайталанады. Сондай-ақ парақшада, әдетте, мәтін көп болады. Негізгі міндет — әлеуетті пайдаланушыда қарсылықтар қалмай, оған тауар немесе қызмет керек екені жөнінде сезім туындауы үшін сайтта барынша толық ақпаратты орналастыру. Осыған байланысты, парақшалар ауқымды болып келеді және экранды бірнеше рет сырғытуға тура келеді (төменде парақшаның қысқартылған нұсқасы).

Мақсат: өнімді немесе қызметті сату.

Лид парақша.

Парақшаның атауынан да білініп тұр – ол ақпаратты жинау үшін ғана жасалған. Мұнда бәрі қысқа да нұсқа, қарапайым, отырғызылатын парақшалардың шамамен 70% деректерді жинау үшін жасалады. «Лидтер» немесе LeadCapture дегеніміз одан арғы әлеуетті сатылымдар үшін пайдаланушының байланыс деректерін алу. Негізгі міндет — байланыс деректерін алу: аты, телефон нөмірі, қажетті қосымша ақпарат. Мақсат: деректер алу.

«Сараланған» мақсатты парақшалар (ProductDetail) немесе сегменттелген парақшалар

Оның мәнісі негізгі сайтта «кіріктірілген» мақсатты парақшалар болатынына негізделеді, бұл ретте мұндай парақшалар тауарлардың нақты бір тобы бойынша ақпаратты ұсынады. Мұндай парақшаларды бөлшек саудамен айналысатын интернет-дүкендер пайдаланады. Кемшіліктері — мақсатты парақшалармен қатар көңілді басқа нәрсеге аударып әкететін жарнама мәтіндері және арнайы ұсыныстар болады. Бұдан бөлек, сатушы тауарды соған ұқсас басқа тауармен салыстыруды ұсынады немесе сатып алушының көңілін қосымша опцияларға және аксессуарларға аударады. Міндет: тауарлардың немесе қызметтердің белгілі бір тобы, санаты бойынша ақпарат ұсыну.

Мақсат: ұсынылатын өнімдерді сипаттау және құрылымдау.

«Вирустық» мақсатты парақшалар

Тікелей жарнамаға арналмаған. Көп жағдайда, бұл көңіл көтеруші интерактивті контентті қамтитын парақшалар. Компания логотипі және атауы көзге басылмайды. Парақшаның негізгі міндеті: пайдаланушылардың назарын аудару және процеске тарту.

Мақсат: брендтің танылуын және брендке деген бейілділікті арттыру.

Отырғызылатын парақшаларға шағын шолуымыз осындай болып шықты. Енді сіздер олардың қандай болатынын және неліктен осыншама ерекшеленетінін білетін боласыздар.

Сіздің отырғызылатын парақшаңыз бизнесіңіздің мақсаттары мен міндеттеріне толық сәйкес келуі тиіс.

Отырғызылатын парақшалар көптеген параметрлер бойынша әртүрлі болатынын және басқалар үшін ұтымды болатынның әрдайым сізге қолайлы бола бермейтінін естен шығармаңыз. Нақты сіздің өніміңізді ілгерілету үшін отырғызылатын парақшалардың әртүрлі түрлері және типтері қолданылуы мүмкін, бұл ретте сіздің түпкі мақсаттарыңыз ескеріледі.

Дұрыс отырғызылатын парақшаларды Агартимен бірге таңдап, Агартимен бірге жасаңыз!

Келесі Хабарлама