Жақында ғана біздің агенттік SMM бойынша оқу курсын іске қосты. Біз әлеуметтік желілерді жүргізу және басқару дағдысын әр адамға білген пайдалы деп есептейміз.
Мақсатты аудиторияның сенімін сатып алу мүмкін емес, оны еңбекпен ғана табасыз. Әлеуметтік медиа платформалар – бұл мақсатты аудиториямен өзара іс-қимыл жасауға арналған заманауи құрал. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің аудиториясын телевизиялық телеарналардың аудиториясымен салыстыруға болады, бірақ желі аудиториясы аса зерделі әрі белсенді. SMM дегеніміз пайдаланушылардың мақсатты тобын қамтитын қауымдастықтарда жұмыс жасау. Бұл мақсатты аудиториямен тікелей және жасырын өзара іс-қимыл жасау құралдары.
Бұл курс кімдер үшін пайдалы болмақ:
— Маркетологтар мен PRшыларға. Курс маркетологтарға және компанияларда PR үшін жауап беретін адамдарға ілгерілету бойынша жұмысты жөнге келтіруге көмектеседі.
— ШОБ иелеріне. Курс сіздің брендіңіздің даму жолдарын көрсетеді және ілгерілетудің нақты құралдарын ұсынады.
— SMM мамандарға. Сіз қазір де тақырып табуды, оңай әрі жарқын мәтіндерді жазуды, адамдарды пікір бөлісуге тартуды үйренесіз және ілгерілетудің заманауи тәсілдерін меңгересіз;
— Мамандығын ауыстырғысы келетіндер үшін. Жаңа SMM-маман кәсібін игеріп, фрилансер атанып, кеңседен мүлдем кету.
Курстан өту сізге не береді:
— Ілгерілетуге арналған заманауи құралдарды зерттейсіз;
— Қолайлы болатын жарнаманы баптауды үйренесіз;
— Желілерде ілгерілету үшін креативті шешімдерді табасыз;
— Өз брендіңізді ілгерілету үшін қуатты PR-құралдарды аласыз;
— Мәтіндерді оңай жазуды, контент-жоспарды әзірлеуді және алып жүруді үйренесіз;
— Клиенттермен «ұзақ» жұмыс жасап, қайталама сатылымдарды тудырасыз;
— Ілгерілету үшін блогерлерді дұрыс таңдауды үйренесіз;
— Компания туралы пікірлерді басқаруды және негативпен жұмыс жасауды үйренесіз.
SMM бойынша курсымыздың спикерлері ішінде жетекші сарапшылар мен практиктер бар:
— Виктория Котэ
SMM-маман, копирайтер. Tengrinews.kz-те digital-маркетолог болып жұмыс істеген. Comode.kz, Look.TM, Gagarin.TM, Forbes.kz үшін мақалалар жазған. ХУӘ Қазақстан, Manga Sushi, Palladium Family ресторандар желісі, Fightclub.kz, Robokassa.kz, Nestle Өзбекстан және басқа компанияларға арнап мәтіндер жазып, парақшаларын жүргізген. Өзінің «Мәтіндер марафонын» әзірлеп, әр адам жаза алатынына кәміл сенеді.
— Нурболат Тилеуов
Кәсіпкер, Vicco түрік балалар аяқ киімі брендінің франчайзиі. Әлеуметтік желілерде ШОБ жұмысын қалыптастыру, клиенттердің бейілділігін арттыру және қайталама сатылымдарды ұлғайту жөніндегі маман. Копоративтік сектордан кетпес бұрын банкілер мен ұялы компаниялардың PR-командаларында басшы лауазымдарын атқарған. Халық банкінде және Еуразялық банкте, сондай-ақ Kcell және Ucell (Ташкент, Өзбекстан) компанияларында SMM-бағытқа жетекшілік жасаған. «Ақ Мерген 2019» қазақстандық PR-премиясының лауреаты. Тренер, консультант.
— Игорь Коротков
Facebook/ Google/ Yandex сертификатталған маманы Жұмыс тәжірибесі — digital саласында 4 жылдан артық. 1000-нан астам жарнама науқандарын іске қосқан. Клиенттеріне 200 000$ пайда әкелген.
Бағдарлама тек практикалық және пайдалы ақпараттан тұрады. Бос сөз жоқ, артық ештеңе жоқ – тек жұмыс істейтін фактілер:
1 блок. SMM өз қолыңмен.
2 блок. Жарнаманы өз бетінше баптау, іске қосу.
3 блок. PR және әлеуметтік желілерде өз бетінше бренд қалыптастыру.
Тағы не бар?
— Өзіңіз үшін қолайлы қарқында білім алыңыз: барлық бейнекурстар құрылымдалған және реттілікпен жасалған, және сіз кез келген уақытта күрделі үзіндіге қайта оралып, қарай аласыз;
— Қажеттінің барлығы қолжетімді: барлық материалдар оқушыда қалады. Сіз кез келген уақытта өзекті ақпаратты қарап, есіңізге түсіре аласыз. Агарти Digital Performance Agency ұсынған оқу курсымен бірге өз жарнама науқаныңызды іске қосыңыз, сататын мәтіндерді жаза бастап, жазылушылармен дұрыс қарым-қатынас құра бастаңыз!