Клиенттер CPM және CPC-ді сатып ала алмағанда, ал алаңдар CPA бойынша сатқысы келмегенде. Жарнаманы сатып алғанда сіз не үшін төлем жасайсыз?
Қазіргі таңда интернет әлемінде ілгерілетуге арналған базалық нәрселер бар – баннер жарнамасы, тизерлер, әлеуметтік желілердегі жарнама және контекст. Сіз алуантүрлі стандартты емес баннерлер мен фулл-скриндарды орналастыра аласыз. Егер сіз ірі компания болсаңыз — онда сіз үшін өз брендіңіз бен беделіңізді қолдау үшін бұл ең оңтайлы нұсқа.
Ал егер сіз шағын, бірақ тұрақты бизнестің иесі болсаңыз? Иә, егер сізге компанияның беделі мен мәртебесі маңызды болса, бірақ сіз үшін сатылымдар басты көрсеткіштердің бірі болса. Сіз клиент келіп, тауар сатып алғанды немесе кемінде сатып алуға өтінім қалдырғанды қалайсыз ба? Сіз интернетте мұндай нәтижені ала аласыз ба? Жауап — иә!
Сіз кез келген жағдайда интернетте емес, оффлайнда көбірек сататын бірқатар тауарлар болады — бұл әлеуетті клиентпен бірінші байланыс пен нәтижесіндегі тауардың сатып алынуы арасындағы сіздің көпіріңіз.
Интернет-маркетингте CPA (costperaction) механикасы бар — мұнда сіз клиент тарапынан сізге қызық болатын әрекет үшін төлем жасай аласыз.
Мұндай әрекеттер мынадай болуы мүмкін:
- Өтінім толтыру.
- Тіркелу.
- Таратпаға жазылу.
- Тауарды себетке салу.
Бұл ретте әрекеттің сапасына байланысты әрбір әрекет жеке есептелетін болады.
Мәселен, жай ғана қоңырауға толтырылған өтінім расталған өтінімнен арзанырақ болады.
Бірақ қай құрал ұтымды екенін қалай білесіз?
Өте оңай. Ол үшін бізге конверсияны (әрекетті) және оның құнын есептеп шығару керек.
Мысалға, мен контекстілік жарнаманы іске қосамын және 100 шертуден 10 өтінім аламын, демек, менің конверсиям 10% құрайды.
Мен жарнамаға 10 000 теңге жұсадым, маған бір өтінім қаншаға шыққанын есептейміз; жұмсалған соманы өтінім санына бөлеміз. Осылайша бір өтінімге біз 1 000 теңге жұмсаймыз.
Әлбетте, бұл цифрлер салыстырмалы сандар, конверсия құны, оның пайызы секілді, сіздің қызметіңіздің саласына, өнімнің танымалдылығына және ұсыныстың қаншалықты өзекті немесе қызықты екеніне байланысты болады.
Мұнда ойландырар тағы бір жайт, егер сіз сатылымдарға ден қойсаңыз, бірақ осы ретте топ алаңдарда баннерлік жарнаманы немесе әлеуметтік желілерде тизерлік жарнаманы пайдалансаңыз. Сіз бір өтінімге қанша қаржы жұмсайсыз?
Сіз CPM үшін нарықтағы орташа баға 700 теңгеге 100 000 көрсетімді сатып алдыңыз, баннерлік жарнамаға сіз тәулігіне 70 000 теңге төлейсіз делік. CTR, әдетте, 0,07-0,1% құрайды.
Орташа мән ретінде 0,07% алайық, 100 000 көрсетім үшін — сіз 70 шерту аласыз. Баннерлік жарнаманы орналастыру кезінде конверсия коэффициенті 1-5% құрайды, себебі бұл әлеуетті клиент белгілі бір тауарды немесе қызметті іздейтін контекст емес, содан өнімге деген қызығушылық жоғары болмайды. Сөйтіп, орташа мәнді 3% деп алайық, жиыны өтінім саны 70*3% =2 өтінім.
Содан, бір өтінімнің құны сізге 35 000 теңгеге шығады. Қай салада жұмыс істесеңіз де, бір клиент үшін қолайлы баға деп айту қиын.
Мұндағы көрсеткіміз келгені: контекстіден, медиа жарнамасынан немесе CPM, CPC бойынша немесе статикалық орналастыру жүйесі бойынша сатып алынатын кез келген басқа құралдан болатын конверсия көрсеткіші тұрақты емес. Сіз тәуекел етіп, эксперимент жасап, бір қоңырауға бір өтінімнің қаншаға шығатынын есептеп шығаруға мәжбүр боласыз. Бұл ретте, клиенттің өзі сізге одан да қымбатқа шығады.
Мұнда бір шешім бар: сіз қызметке деп толтырылған өтінім үшін қанша төлеуге дайын екеніңізді алдын ала бағалай аласыз. Сіз сізге қанша толтырылған өтінім (немесе басқа әрекеттер) керегін және олардың құны қанша болатынын алдын ала талқылап аласыз. Осы тұста сиқыр басталады, себебі сіз енді бір клиент сізге қаншаға шығатынын және неліктен сіз сол клиент үшін 15 000 теңге емес, 1 000 теңге төлейтініңізді нақты білесіз.
Енді кішігірім шаруа қалды — сізге өзіңіз үшін қолайлы бағамен өтінімдердің қажетті санын ұсынуға дайын серіктесті табу керек. Осы ретте сіз ірі интернет-порталдармен келісімге келуіңіз екіталай, себебі оларға жарнаманы CPA моделі бойынша емес, көрсетімдер бойынша және CPC бойынша сатқан әлдеқайда тиімдірек, дегенмен уақыт өте келе біз CPA моделіне де көшеміз деген үміттеміз. Барлықтарыңызға сатылымдардың артуын және адал клиенттерді тілейміз.