Тұрғын үй кешендерін және коммерциялық жылжымайтын мүлікті ілгерілету

Компания кепіл мүлкін (тұрғын үй кешендері және коммерциялық жылжымайтын мүлік) сатумен айналысады

Клиент контекстілік және таргеттелген жарнамадан конверсиялылықтың жоғары пайызымен және конверсия үшін қолайлы бағамен барынша көп мақсатты жүгінімдерді (лидтерді) алу мәселесімен жүгінді.

Мақсатты аудитория

Кілт сөздер арқылы, Алматы қаласында коммерция үшін немесе тұру үшін жылжымайтын мүлікке қызығушылығы бар іздеу жүйелерінің пайдаланушылары және іздеу жүйелерінің серіктес сайттарына келушілер негізгі мақсатты аудитория болып табылады.

Қиындықтар

Жоғары бәсекелестік. Жылжымайтын мүліктің жоғары құны. Бизнесті digital-да ілгерілету ойластырылған маркетингтік жоспар болғанда ғана мүмкін болады.

Шешім

Тестілеу кезеңіне (3 айға) төмендегілерде науқандар іске қосылды:
— Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі лидогенерацияда;
— Google Ads (іздеу науқандары, Google Контекст-медиа Желісіндегі науқандар).

Таңдамалы баптаулар

Тестілеу кезеңінен кейін, жарнама науқанын кәсіби баптаудан және бюджеттерді дұрыс бөлуден кейін мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

— сапалы жүгінімнің (лидтің) нақты құны айқындалды;
— жүгінімдердің саны мен сапасы арттырылды;
— KPI асыра орындалды;
— клиенттің жылдық бюджеті 30%-ға үнемделді.

Есептік кезеңнің нәтижелері

— Релевантты емес жастағы аудиторияға көрсетімдерді өшіру;

— Баптаулар бойынша көрсетімдер мен шертулердің максимал санына конверсиялардың максимал санына, олардың сапалылығы мен қолайлы бағаға өту жүзеге асырылды;

— Мұндай әрекет жұмысты ілгерілету және клиен шығысын оңтайландыру үшін ең тиімді құрауыштарды қалдыруға мүмкіндік берді, осының арқасында төмендегілер белсенді болып қалды:

— Іздеу жүйелеріндегі науқандар – баптаулар трафиктің жеткілікті ағынын тудыруға мүмкіндік береді, мұндай ағын көп мөлшерде өтінімдерге конверсияланады;

— Ремаркетинг, ол сайттан өтінімсіз кетіп қалған аудиторияға түрлі принциптер бойынша жетіп отырды және өтінім жасауға итермелеп отырды;

— Өтінім жасауға формадағы лидогенерация, мұқият баптаулар жасалған жағдайда қажетті аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді және жүгінімдер санының өсімін береді.

— Талдау жүйелері — Google Analytics жүйесінің пиксельдері, Яндекс.Метрика қалыптастырылып, орнатылып, бапталды;

— Барлық хабарландырулар бастапқыдан-ақ бәсекелестермен салыстырғанда ең күшті артықшылықтарды, жүйелердің талаптарына сәйкес келетін бейне форматтарын қамтитындай етіп, семантика, креативтер және жарнамалық хабарландырулар клиент компаниясының маркетологымен сапалы түрде пысықталып отырды. Мұндай әрекет сапалы трафик пен конверсиялардың максимал санын генерациялауға әкеп соқтырды.

Google Adwords науқаны жұмысының есептік кезеңнің нәтижелері

5053

Конверсиялар

2.13

Конверсия бағасы